Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Астана" баскетбол клубы EuroChallenge додасында бақ сынайды

07 Шілде 2014, 13:34
0
Фото fibaeurope.com сайтынан
Фото fibaeurope.com сайтынан
Фото bcastana.kz сайтынан
Фото bcastana.kz сайтынан

Баскетболдан "Астана" клубы биыл бірінші рет EuroChallenge турнирінде додаға түседі. Кеше кешкісін Германияда аталмыш доданың жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл Қазақстан баскетболы үшін үлкен жетістік десек те болады. "Астана" клубы ел баскетболының тарихында тұңғыш рет Еурододада бақ сынап, намысымызды қорғайды.

Кеше түнде Мюнхенде (Германия) EuroChallenge турнирінің 2014/2015 жылдар маусымындағы жеребесі тартылды.
Биылғы додаға 32 команда қатысады екен. Олар сегіз топқа тең бөлінді. Әрі жағрафиялық орналасулары ескеріліп, бұл топтар екі конференцияға жіктелді.

Әуелі барлық командалар өз топтарында додаға түседі. Алғашқы ойындар 4 қарашада өтеді. Әр топтан екі үздік команда аталмыш доданың екінші кезеңіне шығады. Ал төрт команда арасындағы финалдық дода келесі жылғы 24-26 сәуір күндеріне белгіленген.

Сонымен кеше түнде тартылған жеребе бойынша "Астана" клубы екінші конференциядағы "D" тобына түсті:

"Автодор" (Саратов, Ресей),
"Тофаш" (Түркия),
"Орадея" (Румыния),
"Астана" (Қазақстан)
.

Бірден ескерте кетейік, "Астана" EuroChallenge аясындағы ең алғашқы, тарихи кездесуін 4 қараша күні өткізіп, елордада Румынияның "Орадея" клубын қабылдайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай