Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Астана" баскетболшылары соңғы ойында сүрінді

25 Наурыз 2014, 12:57
0
Сурет vtb-league.com сайтынан
Сурет vtb-league.com сайтынан
"ВТБ бірегей лигасының" негізгі біріншілігі аясындағы соңғы ойынын Ригада өткізген "Астана" баскетболшылары Латвияның ВЭФ клубынан 83:97 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Латвия клубы бұл ойында жеңіске жетсе де, плей-оффқа шыға алмайтын еді. Себебі осыдан екі күн бұрын "Красный Октябрь" (Волгоград) өз жерінде Украинаның "Азовмаш" (Мариуполь) клубын 84:72 есебімен жеңіп, плей-оффтың соңғы жолдамасын еншілеген.

Әйтсе де, "В" тобында жетінші орыннан аса алмаған ВЭФ өз жанкүйерлері алдында жеңілгісі келмеді. Ойын басталғаннан қарқындарын үдетіп, басымдық танытты.

Бұл ойында олардың құралайды көзге атқан сұрмегені Рихардс Куксикс көсіле шапты. Ол өз командасының қоржынына 20 ұпай салды. Ең бастысы, алыстан бес рет үш ұпайлық доптарын нысанаға (торшеңберге) дөп түсіріп, мергендігімен көзге түсті.

Ал олардың Дэниел Браун деген қорғаушылары 13 нәтижелі пас беріп, бұл жағынан "ВТБ бірегей лигасы" тарихында төртінші көрсеткіш тіркеді.

Біздің "Астана" қанша тырысса да, ВЭФ ойыншыларын бұл матчта тоқтата алмады. Әсіресе, олар допты алыстан лақтырып, торшеңберге дәл түсіріп, ұпай айырмасын ұлғайта берді.

Жалпы, Қазақстан клубы ойыншыларының бұл ойындағы техникалық көрсеткіштері төмендегідей болды:

Дэвид Саймон — 17 ұпай, 7 рет допты қақшып алды; Оласени Лавал — 15 ұпай, 9 рет доп қақшыды; Джерри Джонсон — 15 ұпай, 10 пас; Брион Раш — 14 ұпай, Янис Блумс – 8 ұпай, Патрик Калатаес – 8 ұпай, Анатолий Колесников – 5 ұпай, Антон Пономарев – 1 ұпай.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай