25 наурыз 2014 | 14:42

"Астана" плей-оффта "Нижний Новгород» клубымен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет vtb-league.com сайтынан Сурет vtb-league.com сайтынан

"ВТБ бірегей лигасының" негізгі біріншілігі аяқталып, плей-оффтың бірінші сатысында кездесетін командалар жұбы толықтай анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Астана" клубы плей-оффтың бірінші сатысында немесе 1/8 финалында «Нижний Новгород» (Ресей) клубымен кездесетін болды. Бұл команда – «А» тобында төртінші орынға ие болған ұжым. Ал «Астана» болса, «В» тобында бесінші орынға тұрақтады. Егер Қазақстан клубы "ВТБ бірегей лигасының" негізгі біріншілігіндегі соңғы матчта, яғни Ригада өткен ойында жеңіске жеткенде, онда «В» тобында төртінші орынға ие болар еді. Әрі плей-офф додасын «А» тобында бесінші орынды иеленген «Енисей» (Красноярск, Ресей) клубымен бастаушы еді. Алайда, "Астана" Ригада Латвияның ВЭФ клубынан ұтылып қалып, өз тобында бесінші орынға сырғыды. Енді «Енисей» емес, «Нижний Новгород» баскетболшыларымен додаға түсетін болады. Жалпы, "ВТБ бірегей лигасының" плей-офф додасы сәл өзгешелеу өтеді. Плей-офф додасын лигадағы 20 команданың 12-сі жалғастырады (әр топтан алты клубтан). Бірақ сегіз команда 1/8 финалында додаға түседі де, әр топта бірінші және екінші орындарға ие болған төрт үздік клуб ширек финалдан қосылады. Биыл «А» тобында УНИКС (Қазан, Ресей) топ жарып, «Летувос Ритас» (Вильнюс, Литва) екінші орынға ие болды. Ал «В» тобында «Химки» (Ресей) үздік шығып, ЦСКА (Мәскеу, Ресей) екінші орынды қанағат қылды. Міне, осы төрт команда бірден ширек финалға шықты. Ал 1/8 финалында кездесетін командалар жұбы төмендегідей болып түзілді: «Нижний Новгород» (Ресей) – «Астана» (Қазақстан), «Красные Крылья» (Ресей) – «Енисей» (Ресей), «Триумф» (Ресей) – «Спартак» (Ресей), «Локомотив-Кубань» (Ресей) – «Красный Октябрь» (Ресей). 1/8 финалындағы ойындар екі жеңіске дейін созылады. Әр жұптағы ойындардың нақты қай күндері өтетіндігі сәл кейінірек белгілі болады. Бірақ ширек финалдағы матчтар әу баста-ақ 30 сәуірден 5 мамырға дейін өткізілетін болып жоспарланған. «Астана» бірінші ойынын өз жерімізде, елодада өткізеді. Екінші ойынды, сондай-ақ қажет болса, үшінші матчты Нижний Новгородта ойнайды. Себебі қарсыласы өз тобында төртінші орынға ие болған. Жоғарыда жазғанымыздай, егер «В» тобында төртінші орынға ие болғанда, онда «Енисеймен» кездесіп, екінші және үшінші ойындарды Астанада өткізер еді. "ВТБ бірегей лигасының" плей-офф торы бұдан әрі төмендегідей болып бекітілген (жоғарыдағы екінші және үшінші суретті қарауға да болады): Ширек финал (үш жеңіске дейін). 17-26 мамыр аралығы. І. УНИКС – «Красные Крылья» және «Енисей» жұбының жеңімпазы, ІІ. ЦСКА – «Локомотив-Кубань»/«Красный Октябрь», ІІІ. «Химки» – «Нижний Новгород»/«Астана», ІV. «Летувос Ритас» – «Триумф»/«Спартак». Жартылай финал (үш жеңіске дейін). 28 мамырдан 6 маусымға дейін. І-жұп пен ІІ-жұпта жеңіске жеткен командалар, ІІІ-жұп пен ІV -жұпта жеңіске жеткен командалар. Финал (үш жеңіске дейін). 9-16 маусым аралығында.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети