26 мамыр 2014 | 14:02

"Астана" шабандозы "Джиро д'Италияның" 15 кезеңін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық "Астана" велокомандасының итальялық шабандозы Фабио Ару "Джиро д'Италия" көпкүндігінің 15 кезеңін жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Елордалық "Астана" велокомандасының итальялық шабандозы Фабио Ару "Джиро д'Италия" көпкүндігінің 15 кезеңін жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

15 кезеңде шабандоздар 225 шақырымға созылатын бірінші деңгейлі тауды бағындырып, Италияның Монтекампионе қаласында мәре сызығын кесті. Бұл кезеңде таулы қыраттан бастап көшбасшылықты өз қолына алған Ару кезеңнің соңына дейін шашасына шаң жұқтырмай мәре сызығынан бірінші болып өтті. Екінші болып бұл кезеңді "Colombia" командасының шабандозы Фабио Дуарте аяқтады. Ал үздік үштікті "Movistar" командасының колумбиялық спортшысы Наиро Кинтана кесті.

Бұл кезеңдегі жеңісінен кейін Ару жалпы есепте жетінші орыннан төртінші сатыға көтерілді. Ол енді көш басында келе жатқан "Omega Pharma-Quick Step" командасының шабандозы Ригоберто Уранудан 2 минут 24 секунд қалып келеді. Жалпы есепте екінші орында "ВМС" командасының аустралиялық шабандозы Кадэл Эванс болса, үшінші орында "Tinkoff-Saxo" ұжымының польшалық шабандозы Рафал Майка. 

Айта кетейік, бүгін спортшылардың барлығы демалып, ертең "Джиро д'Италия" көпкүндігінің 16 кезеңіне шығады. 16 кезеңде велошабандоздар 139 шақырымға созылатын жарыс жолында бірінші дәрежелі Гавиа және Стельвио асуларын бағындыратын болады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети