Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан
Астаналық "Барыс" екатеринбургтық "Автомобилисті" тағы да ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Континентальды хоккей лигасы (КХЛ) плей-офф бірінші раундының екінші матчы 5:4 есебімен аяқталды. "Барыс" ойыншысы Михаил Рахманов есепті алтыншы минутта ашса. Ал 12-минутта астаналықтарға қарсы ойнаған Андре Дево есепті теңестірді. Одан әрі "Барыстың" сұрмергені Роман Старченко автомобилистердің қақпасынан саңлау тауып, есепті еселей түскен еді. Екінші кезеңде барыстық екі ойыншы Артем Чернов пен Федор Малыхин де жақсы ойын өрнегін көрсетіп, командасын алға жетелеген. Үшінші кезеңде плей-оффтағы өзінің алғашқы шайбасын солтүстікамерикалық өкілдері Брэндон Боченскидің Майк Ландинге берген пасы есепті еселеуге мүмкіндік берді. Содан кейін "Автомобилистердің" ойын тепе-теңдігін теңестіруге бағытталған әрекеті нәтижесіз болмады. Голдың авторы Дмитрий Мегалинский. Осылайша негізгі кезеңнің қорытындысы 4:4 есебімен аяқталған. Овертаймда "Барыс" қорғаушысы Майкл Ландин қарсыластарынан айласын асырып қана қоймай, өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, Ари-Пекки Селин шәкірттері дәл осы қарсыластарынан екі ретте де басым түсіп, жалпы есепті 2:0 жеткізді. Екі команда арасында үшінші ойын наурыздың 11-і күні Екатеринбургта өтеді.
Астаналық "Барыс" екатеринбургтық "Автомобилисті" тағы да ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Континентальды хоккей лигасы (КХЛ) плей-офф бірінші раундының екінші матчы 5:4 есебімен аяқталды.
"Барыс" ойыншысы Михаил Рахманов есепті алтыншы минутта ашса. Ал 12-минутта астаналықтарға қарсы ойнаған Андре Дево есепті теңестірді. Одан әрі "Барыстың" сұрмергені Роман Старченко автомобилистердің қақпасынан саңлау тауып, есепті еселей түскен еді. Екінші кезеңде барыстық екі ойыншы Артем Чернов пен Федор Малыхин де жақсы ойын өрнегін көрсетіп, командасын алға жетелеген.
Үшінші кезеңде плей-оффтағы өзінің алғашқы шайбасын солтүстікамерикалық өкілдері Брэндон Боченскидің Майк Ландинге берген пасы есепті еселеуге мүмкіндік берді. Содан кейін "Автомобилистердің" ойын тепе-теңдігін теңестіруге бағытталған әрекеті нәтижесіз болмады. Голдың авторы Дмитрий Мегалинский. Осылайша негізгі кезеңнің қорытындысы 4:4 есебімен аяқталған. Овертаймда "Барыс" қорғаушысы Майкл Ландин қарсыластарынан айласын асырып қана қоймай, өз командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, Ари-Пекки Селин шәкірттері дәл осы қарсыластарынан екі ретте де басым түсіп, жалпы есепті 2:0 жеткізді. Екі команда арасында үшінші ойын наурыздың 11-і күні Екатеринбургта өтеді.