Астанада "Реалдың" академиясы ашылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Реалдың" академиясы ашылуы мүмкін Сурет: maxmirnyi.com

Астанада мадридтік "Реал" командасының футбол академиясы ашылуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы "Астана" командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды дейді Tengrinews.kz. Осы мәселеге байланысты кеше Астана футбол федерациясы мен "корольдік клуб" басшылары арасында келіссөз өткізілді. Кездесу Астанада өткен. Мадридтіктердің сапынан бұл жиынға клубтың техникалық директоры Пабло Гомес Ревенга мен команданың оқыту жүйесіне жауапты Мануель Паррено Родригес қатысты. Келіссөз барысында алға қойылған басты мақсат – "Реал" командасының академиясын Астанада ашу болды. Бірақ, жиында қос тарап қандай шешімге келгені белгісіз. Айта кетейік, бүгінде "Реал" академиясы әлемнің 68 елінде жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети