Астанада Tartyl Fest гранд-финалы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Tartyl Fest гранд-финалы өтеді

Астанада Tartyl Fest гранд-финалы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Tartyl Fest гранд-финалы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Dara дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен турникке тартылудан Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы өтеді.

Гранд-финалда өңірлердегі іріктеу кезеңдерінде үздік нәтижеге қолжеткізген 170 спортшы бақ сынайды. Қатысушылардың жасы – 14-тен 51 жасқа дейін.

Гранд-финалдың жалпы жүлде қоры – 54 миллион теңге.

  • Бірінші орын – 3 миллион теңге;
  • екінші орын – 2 миллион теңге;
  • үшінші орын – 1 миллион теңге.

Сайысты Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирде көрсетеді. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, спорт пен өнер жұлдыздары, танымал блогерлер қатысады. Сонымен қатар, Гранд-финал жеңімпаздары Street Workout бойынша Әлем чемпионатында Қазақстанның атынан қатыса алады.

"2022 жылы Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған Tartyl Fest турнирі еліміздің 20 қаласында өтті. Оған қатысқан 7 мыңнан аса адам 9 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Тартылу саны бойынша рекорд – 50 рет тартылған Тараздық азаматқа тиесілі", - делінген Dara қоры хабарламасында.

Нұрлан Қоянбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Dara дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған Tartyl Fest турнирі аз уақытта халықтық жобаға айналып, Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту саласындағы алға қойған міндеттерін іске асырудың табысты үлгісі болды.

Жоба идеясының авторы – танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев, бренд амбассадоры – "Street Workout" бойынша рекордшы Айтым Жақыпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети