26 наурыз 2021 | 09:00

Атақты шаңғышы 102 шақырым жылдамдықта құлаған видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter / @3Drafts видеосының кадры Twitter / @3Drafts видеосының кадры

Даниэль-Андре Танде Планицадағы Әлем кубогы кезеңінде жасаған жаттығуында құлады. Норвегиялық шаңғышы тепе-теңдік сақтай алмай, сағатына 102 шақырым жылдамдықта құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Eurosport-қа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Даниэль-Андре Танде Планицадағы Әлем кубогы кезеңінде жасаған жаттығуында құлады. Норвегиялық шаңғышы тепе-теңдік сақтай алмай, сағатына 102 шақырым жылдамдықта құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Eurosport-қа сілтеме жасап.

Спортшы секірген бетте әуеде бір жағына қарай ауып кетіп құлаған. Жарыс уақытша тоқтатылған, кейін жаңартылғаны хабарланды.

Танде құлаған соң талып қалған. Оның бұғанасы мен қабырғалары сынған, деп хабарлады NRK.

"Даниэль-Андре Танденің денсаулық жағдайы тұрақты. Ол тексеріліп, емделуі үшін тікұшақпен Люблянадағы медициналық орталыққа жеткізілді", - деп хабарлады FIS сайты.

Nettavisen мәліметінше, спортшының өкпесіне зақым келген. Оған жасанды тыныс алдыру қажет болған. Норвег спортшысы жұмаға дейін комада болады.

Даниэль-Андре Танде - төрт дүркін әлем чемпионы және командалық жарыстарда 2018 жылғы Олимпиада чемпионы. Планицада бірінші орынды жапон Рэй Кобаяши алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети