Атырауда Хабиб Нурмагомедовтің әкесіне шапан жапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда Хабиб Нурмагомедовтің әкесіне шапан жапты facebook.com/aidar.makhmetov

Танымал ресейлік бапкер, жеңіл салмақта UFC чемпионының әкесі Абдулманап Нурмагомедов Атырауға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал ресейлік бапкер, жеңіл салмақта UFC чемпионының әкесі Абдулманап Нурмагомедов Атырауға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Хабиб Нурмагомедовтің әкесінің қазақ шапанымен түскен фотосуреті Facebook желісінде жарияланды. 

Нурмагомедов Atyrau Open Fest жастар фестиваліне келген. 

"Бүгін "Құрманғазы" мәдениет сарайында Абдулманап Магомедовичпен еркін форматта кездесу өтеді. Мұнда спорт фанаттары қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Кіру тегін", - деп жазылған хабарламада. Кездесу жергілікті уақытпен 11:00-ге жоспарланған. 

Айта кетсек, Абдулманап Нурмагомедов күрестен Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында құрметті қонақ болған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети