Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) Филиппин мен Аустралия командаларының 13 ойыншысын 2019 жылғы Әлем кубогының іріктеу турнирінде жаппай төбелескені үшін шеттеті, - деп хабарлайды Vesti.kz "Р-Спорт" ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) Филиппин мен Аустралия командаларының 13 ойыншысын 2019 жылғы Әлем кубогының іріктеу турнирінде жаппай төбелескені үшін шеттеті, - деп хабарлайды Vesti.kz "Р-Спорт" ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
2 шілдеде Филиппинде өткен кездесу ойын аяқталар тұста үзілді. Аустралия ойыншысы Дэниэл Кикерт қарсыласын ұрып, жанжал жаппай төбелеске ұласқан. Біраз уақыттан кейін ойын жалғасты. Алайда 13 ойыншы шеттелген соң алаңда үш филиппиндік баскетболшы, бес аустралиялыққа қарсы ойнады. Бірнеше минуттан соң филлипиндіктерден бір ғана ойыншы қалып, матч аяқталды. Есеп 89:53 Аустралия құрамасының пайдасымен аяқталды.
Аустралияның үш ойыншысы шеттелді (Кикерт бес ойынға) шеттелді. Ұлттық федерацияға 100 мың франк айыппұл салынды. Ойынға төрелік еткендер бір жыл FIBA қамқорлығымен өтетін ойынға қатыспайды.
Australia vs the Philippines ended in absolute CHAOS.... and 13 ejections! pic.twitter.com/ijpWlbWT7i
— FOX Basketball (@FoxBasketball) 2 июля 2018 г.
FIBA он филиппиндікті шеттетті, ең үлкен жаза Кэлвин Абуэвада (алты ойыннан шеттелді). Команданың бас бапкері Винсент Рейес бір матчке шеттетіліп, 10 мың швейцар франкі көлемінде айыппұл төлейді. Ал оның көмекшісі Джозеф Уйчико үш ойынға шеттетілді. Елдің баскетбол федерациясына 250 мың франк айыппұл салынды, ал ұлттық команда келесі ойынды көрерменсіз өткізеді. Сонымен қатар, оларға сынақ мерзімі тағайындалды.