Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Аустралиялық боксшы Геннадий Головкинді рингке шақырды

21 Шілде 2015, 21:14
0
© Poedinoktv.net
© Poedinoktv.net

Екінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, WBC Silver тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта бұрынғы чемпион 40 жастағы Энтони Мандин WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді рингке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz аустралиялық Craziestsportsfights.com басылымына сілтеме жасап.

"Энтони бокстағы ең танымал адаммен жекпе-жек өткізгісі келеді, - деді Мандиннің менеджері Бен Томпсон. - Ол өз бабында. Егер біз біреумен келісімге келе алмасақ немесе 154 фунтта WBC титулы үшін кездесу өткізе алмайтын болсақ, онда ол WBC Silver титулын қорғайтын болады. Ол ары қарай қазіргі ең мықты спортшылармен кездесу үшін аралық салмақ дәрежесінде (156 фунт) Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді", - деп жазды басылым.

Мандиннің Головкинмен осыдан бес жыл бұрын кездесуге мүмкіндігі болған. Қазақстандық оның талаптарына келіскен, дегенмен аустралиялық боксшы жекпе-жектен бас тартыпты. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.

Еске сала кетейік, бұған дейін WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы, америкалық Андре Уордтың командасының Головкинмен кездесу өткізуге қызығушылық танытқаны хабарланған болатын. Ал Головкин болса Уордпен кездесу бокс үшін өте маңызды екенін айтты.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай