09 тамыз 2016 | 07:05

Ауыратлет Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыратлет Фархад Харки. © Reuters Ауыратлет Фархад Харки. © Reuters

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық ауыратлет Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық ауыратлет Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Харки жұлқа көтеруде бесінші орында болды. Бірінші мүмкіндігінде ол 135 келіні еңсерсе, лидерлерді қуып жету үшін таңдаған 140 келі штанганы екі мәрте көтере алмай қалды. 


© Reuters

Ал серпе көтеруде Харки 170 келіні еңсерді. Ұпайлары саны бойынша 305 келі жинап, осылайша жарыстың қола медаліне ие болды. 

Айта кетейік, серпе көтеру кезінде жарыс фавориті саналған қытайлық Чэнь Лицзюнь жарыс жолын мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды. 

Бұл салмақта 318 келі нәтижемен колумбиялық Оскар Фигероа чемпион атанды (142+176).

Харки алған медаль Қазақстанның Олимпиададағы қоржынына үшінші болып түсіп отыр. Бірінші жарыс күні дзюдошы Елдос Сметов күміс, ал дзюдошы қыз Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль алған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети