Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қожайындары өз зілтеміршілерін қатыстыра алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қожайындары өз зілтеміршілерін қатыстыра алмайды Фото: РИА Новости. Григорий Сысоев©

2019 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Таиландта өтеді. Бірақ әлемдік додаға тай елінің зілтеміршілері қатыса алмайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Таиландта өтеді. Бірақ әлемдік додаға тай елінің зілтеміршілері қатыса алмайды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ақпараты бойынша, көптеген таиландық зілтеміршінің допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетуіне байланысты IWF аясындағы сайыстарға бұл елдің спортшылары қатыса алмайды.

Соған қарамастан таиландтық федерация (TAWA) 16-25 қыркүйек арасында Паттайеде әлем чемпионатын қабылдамақ.

IWF атқарушы комитетінің Лас-Вегастағы отырысында жастар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионаты Джидда қаласында (Сауд Арабиясы), ал жасөспірімдер арасындағы әлемдік біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді деп хабарланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети