Ауыр атлетикадан ең ауыр салмақтағы үмітіміз өз тобында төртінші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан ең ауыр салмақтағы үмітіміз өз тобында төртінші болды Фото almaty2014iwf.com сайтынан

 Ауыр атлетикадан Алматыда жалауы желбіреген әлем чемпионаты бүгін кешке аяқталады. Қазақстан зілтеміршілері ішінен ең соңғы болып, 105 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі алыптарымыз бақ сынаған, деп жазады Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Ауыр атлетикадан Алматыда жалауы желбіреген әлем чемпионаты бүгін кешке аяқталады. Қазақстан зілтеміршілері ішінен ең соңғы болып, 105 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі алыптарымыз бақ сынаған, деп жазады Tengrinews.kz.

Екеуі де "В" тобында бақ сынады. Екеуі де барлық қарсыластарынан жас болып шықты. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған Ибрагим Берсанов та, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Зелимхан Абубакаров та аса жоғары нәтиже көрсете алмады.

Берсанов қосайыс қорытындысы бойынша 398 (180+218) келімен "В" тобында төртінші орынға ие болды. Ал Абубакаров 385 (175+210) келіні еңсеріп, сегізінші орынмен шектелді.

Жалпы, "В" тобында 406 (187+219) келімен жапон Казуоми Ота топ жарды. Екінші орынды 405 (188+217) келі көрсеткішпен өзбекстандық Иван Ефремов иеленді. Армян Хайк Хакобян 400 (182+218) келімен үшінші орынға ие болды.

Осы салмақтағы үздіктер, яғни "А" тобындағы зілтеміршілер бүгін сағат 17:00-де сынға түсіп, жүлделі орындарды сарапқа салады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети