Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы допингке байланысты Олимпиаданың екі лицензиясынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы допингке байланысты Олимпиаданың екі лицензиясынан айырылды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы допингке байланысты Рио-де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының екі лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шешім Халықаралық ауыр атлетика федерациясының Тбилисидегі конгресінің аясында атқарушы комитеттің отырысында қабылданыпты. 

Сонымен қатар, 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының антидопинг заңнамасын үш немесе одан да көп рет бұзған спортшылары бар елдерді бір жылға дисквалификациялау туралы шешім қабылданды. 

"Қазақстандық ауыратлеттер И.Ильиннің, С.Подобедованың, М.Манезаның, З.Чиншанлоның жағымсыз допинг-сынамалары бар, алайда оларға тағылып отырған айып бүгінде дәлелденген жоқ және Қазақстан құрамасы жастар арасында Тбилисиде басталған әлем чемпионатына қатысуға рұқсат алды", - делінген ҚАФ хабарламасында.

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында қанында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, тағы үш қазақстандық ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын. Кейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети