Қазақ күресінен екінші рет ұйымдастырылған "Әлем барысы" халықаралық турнирі аяқталды. Финалда отандасымыз Айбек Нұғымаров грузин Гурам Тушишвилимен белдесіп, таза жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші болып грузин балуаны ұпай алды. Артынша Айбек те белсеніп, нәтижені теңестірді. Соңынан тәжірибелі Айбек қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, таза жеңіске жетті. Осылайша ол 15 миллион теңге ұтып алды.
Қола белбеу үшін өткен кездесуде Ержан Шынкеев Моңғолияның қазағы Серік Бердімұратты жеңді.