Азиада-2014: Қазақ-Иран бәсекесі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азиада-2014: Қазақ-Иран бәсекесі басталды Оң жақта - Марина Вольнова. Фотоны түсірген: Данияр Майлыбаев.

ХVІІ жазғы Азия ойындарының 11-күні кешегідей қуанышты да, сәтті де болмады. Қоржынымызға үш қола ғана түсіп, Иран өкшемізді басты, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының"  арнаулы тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ХVІІ жазғы Азия ойындарының 11-күні кешегідей қуанышты да, сәтті де болмады. Қоржынымызға үш қола ғана түсіп, Иран өкшемізді басты, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының"  арнаулы тілшісі.

Бүгін боз кілемге грек-рим күресіндегі балуандар шыққан. Өкінішке қарай, қазақ балуандары финалға да шыға алмады.
59 келіде бақ сынаған Алмат Кебісбаев та, 71 келіде белдескен Ерұлан Ысқақов та қола жүлдемен шектелді. Ал 98 келідегі Мақсат Ережепов ширек финалдан аса алмады.

Үшінші қола бокстан бұйырды. Әйелдер арасындағы үздік боксшымыз Марина Вольнова (75 келі) финалға шыға алмай қалды. Сондықтан оның қола жүлдесі біздің еншімізге бүгін жазылды.

Жалпы, бокстан 10 медаль олжалап отырмыз. Ертең Жайна Шекербекова (51 келі) финалда айқасады. Ал сегіз жігітіміз ерлер арасындағы жартылай финалға шықты. Енді "осы тоғыз жүлдеміздің қаншасы алтын болар екен" деп, тықыршып отырған жайымыз бар.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалға мына жігіттеріміз шықты: Біржан Жақыпов (49 келі), Ілияс Сүлейменов (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Иван Дычко (+ 91 келі).

Су добындағы жігіттеріміз жартылай финалда Қытай құрамасымен кездесіп, шектен тыс тартысты өткен ойында (негізгі уақыты 6:6 есебімен аяқталған болатын) қайсарлық танытып, пенальти арқылы жеңіске жетті.

Ал таэквондошыларымыз керісінше, жүлдеге іліге алар емес. Жеңіл атлетикадан да жүлдені уыстап ала алмай жүрміз.

Енді намысқа жүгініп, жанкештілік танытпаса болмайды. Иран спортшылары алтынды күрестен "күреп" алып, басқа спорт түрлерінен де "іреп" алып, өкшемізді басты. Тіпті қуып жетіп те қалды. Қамшыны баспаса, олардың енді бізден озып кетулері де ғажап емес.

1. Қытай – 268 (126+80+62)
2. Оңтүстік Корея – 170 (54+55+61)
3. Жапония – 146 (37+54+55)
4. Қазақстан – 56 (15+16+25)
5. Иран – 35 (14+11+10)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети