Азиада-2014: Қазақстан спортшылары тарихи рекорд жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азиада-2014: Қазақстан спортшылары тарихи рекорд жаңартты Фотоны түсірген – Никита Басов.

Қазақстан спортшылары Азия ойындары тарихында рекорд жаңартып, Инчхонда 28 алтын жеңіп алды, - деп жазады Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан спортшылары Азия ойындары тарихында рекорд жаңартып, Инчхонда 28 алтын жеңіп алды, - деп жазады Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Бұған дейін алтынды көп алған додамыз – 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындары. Бірақ қазір Хиросимадағы алтындарымыздың саны екі түрлі жазылып жүр. Біздің елдегі кейбір дерек көздерінде 25 алтын медаль деп жазылса, Азия басылымдарында 27 алтын деп көрсетілген.

Мұның қайсысы бұрыс, қайсысы дұрыс екендігін алдағы уақытта анықтай жатармыз. Бірақ Инчхонда рекорд жаңартқанымыз анық. Бүгін біздің қоржынымыздағы алтындарымыздың саны 28 болды!

Сондай-ақ бүгін сегіз алтын жеңіп алып, тағы бір ерен жетістікке қол жеткізіп отырмыз. Инчхонда бір күнде осынша алтын алған күніміз болған жоқ еді. Жалпы, 3 қазан күні ел қоржынына 11 медаль (сегіз алтын, үш күміс) түсті.

Бокс
Ілияс Сүлейменов – алтын (52 келі),
Данияр Елеусінов – алтын (69 келі),
Жәнібек Әлімханұлы – алтын (75 келі),
Әділбек Ниязымбетов – алтын (81 келі),
Антон Пинчук – алтын (91 келі),
Иван Дычко – алтын (91 келіден жоғары),

Біржан Жақыпов – күміс (49 келі).

Каратэ
Андрей Ақтауов – алтын (55 келі),
Гузалия Ғафурова – алтын (68 келі),

Сабина Захарова – күміс (55 келі).

Таэквондо
Нұрсұлтан Мамаев – күміс (58 келі).

Өкінішке қарай, баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы қола жүлде үшін өткен матчта Жапония жігіттерінен 72:76 есебімен ұтылып қалып, төртінші орынға ие болды.

Каратэден 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дархан Асаділов те қола медаль үшін өткен жекпе-жекте ұтылып қалып, жүлдесіз қалды.

Қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы командалық сында да Қазақстан құрамасы төртінші орынмен шектелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети