27 қыркүйек 2014 | 21:19

Азиада-2014: Саф алтынды сыңғырлатқан – велоспортшы Луценко

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Луценко. Фотоны түсірген - Н.Басов Алексей Луценко. Фотоны түсірген - Н.Басов

 ХVІІ жазғы Азия ойындарының сегізінші күні бір алтынмен шектелдік. Оған да шүкір дейміз. Бүгін жалпы, ел қоржынына үш жүлде түсті, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

 ХVІІ жазғы Азия ойындарының сегізінші күні бір алтынмен шектелдік. Оған да шүкір дейміз. Бүгін жалпы, ел қоржынына үш жүлде түсті, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Кеше жүзу спортындағы жас талантымыз ХVІІ жазғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанғанда, қуаныш құшағында сенбі күні алтынды уыстап алатындай шаттанып едік. Өйткені бүгін алтыннан үмітті нағыз үздіктеріміз сынға түсуі керек болатын. Олар – велошабандоз Алексей Луценко және еркін күрес шеберлері Расул Қалиев, Екатерина Ларионова, Татьяна Аманжол.

Осы төртеуінің ішінде тек Алексей Луценко ғана сенімді ақтады. Негізі, ол бүгін велошабандоздарды жарыс жолына жеке-жеке жіберетін бәйгеге қатыспауы керек болатын. Осы бәйгеде "ел қоржынына алтын салады" деп сенім артқан Дмитрий Груздев Еуропадан Инчхонға жете алмапты. Сондықтан осыдан жиырма күн бұрын 22-ге толған Луценконың мойнына екі есе жауапкершілік жүгі артылған. Ол бүгін біріншісін абыроймен ақтап шықты.

Әрі Азияда да велобәйге деңгейінің қарыштап өсіп келе жатқандығын іс жүзінде көргендігін, жеңіске жетудің тым оңай болмағандығын баса айтты.

Ал балуандарымыз сенім үдесінен шыға алмады. Ларионова мен Аманжол алғашқы белдесулерінде-ақ сүрінді. Бірі қарсыласын бағаламағанға ұқсайды, екіншісі Азия ойындарындағы бәсеке көрігі Олимпиадағыдан да кем түспейтіндігін әлі түсіне қоймағандай...

Рас, Татьяна Аманжол артынан өзіне берілген екінші мүмкіндікті пайдаланып, қола жүлдеге қол жеткізді. Екатерина Ларионованы жеңген үнді қызы финалға шыға алмай, 20 жастағы қызымыз Инчхонда мүлде жүлдеге іліге алмады.

Ал Расул Қалиев финалда Солтүстік Корея балуанына есе жіберіп алды. Қарсыласының мысықша аяққа атылатынын біледі. Бірақ оны аяғына өткізбеуге тырысып, қанша "жер бауырлап" күрессе де, Солтүстік Корея саңлағы үш-төрт рет аяғына өтіп кетіп, сегіз ұпай еншіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети