Азиада-2017: Денис Тен қысқа бағдарламада құлап, тоғызыншы орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азиада-2017: Денис Тен қысқа бағдарламада құлап, тоғызыншы орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Азиада-2017 ойындарында қысқа бағдарлама бойынша тоғызыншы орынды қанағат тұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Азиада-2017 ойындарында қысқа бағдарлама бойынша тоғызыншы орынды қанағат тұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Ол 72,98 ұпай жинады. Мұндай төмен көрсеткіш көрсетуіне өнер көрсетуі барысында құлауы себеп болды. 

Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рахымғалиев 54,80 ұпай жинап, 14-орынға табан тіреді. 

Бұл жарыста қытайлық спортшы Джин Боянг - 92,86 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орын Уно Шома - 92,43 ұпай жинады, ал үшінші орындытағы бір қытайлық спортшы Ян Хан - 91,56 иеленді.

Еске сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Алматыда өткен 28-ші қысқы Универсиаданың алтын медалін жеңіп алған болатын. Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша 94,91 ұпай нәтижесімен көш бастап тұрған. Ал еркін бағдарламада төрешілер қазақстандыққа 172,06 ұпай берді. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша, Тен 266,97 ұпай жинап, бірінші орын алған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети