© twitter.com/asiangames2018
Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарында қазақстандық Руслан Исраилов джиу-джитсудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Vesti.kz.
Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарында қазақстандық Руслан Исраилов джиу-джитсудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Vesti.kz.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша турнирдің финалында Исраилов Қырғызстан спортшысынан басым түсті.
Қазақстан үшін бұл медаль 39-ншы және бесінші алтын медаль. Құраманың қоржынында тағы жеті күміс пен 27 қола жүлде бар.