Азиада-2018: Қазақстан боксшыларына алтын медаль бұйырмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азиада-2018: Қазақстан боксшыларына алтын медаль бұйырмады © kfb.kz

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы 16-ншы күміс жүлдені салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы 16-ншы күміс жүлдені салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Боксшының финалдағы қарсыласы өзбекстандық Исраил Мадримов болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша 3:2 (27:28, 27:28, 28:27, 29:26, 28:27)  есебімен жеңіс өзбек спортшысына берілді. 

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан тағы бір қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысынан жеңілді. Алтын медаль үшін өткен кездесуде отандасымыз өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровпен кездесті. Кездесу 3:1 (28:28, 29:27, 27:29, 29:27, 29:27) есебімен өзбекстандық спортшының пайдасына шешілді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 71 медаль бар: 13 алтын, 16 күміс және 42 қола. Жалпы командалық есепте Қазақстан тоғызыншы орында.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети