27 қыркүйек 2014 | 09:29

Азиада: Қазақстан сегізінші алтынды қоржынға салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Никита Бассов @Никита Бассов

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жетінші жарыс күні Қазақстан спортшылары төрт жүлде жеңіп алып, қоржындағы алтындардың санын8-ге жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz/ тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жетінші жарыс күні Қазақстан спортшылары төрт жүлде жеңіп алып, қоржындағы алтындардың санын8-ге жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz/ тілшісі.

26 қыркүйекте, яғни жарыстың жетінші күні спортшыларымыз 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Алғашқы алтын медальды пневматикалық винтовкадан 50 метрлік нысананы көздеуден Ольга Довгунь, 456.4 ұпай жинап жеңіп алды. Екінші алтынды суда жүзуші Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзуде қол жеткізді. Ол осы қашықтықты 27.78 секунд көрсеткішпен бағындырып, Азия ойындарының рекордын жаңғыртты. 

Осы күнгі күміс медальді ауыр салмақта (75 салмақ) сынға түскен ауыр атлет Мария Грабовецкая алып берді. Ол 141 келілік зілтемірді жұлқа көтеріп, 161 келі зілтемірді серпе көтеріп, 302 килолық көрсеткішті бағындырды. Осы салмақтағы алтын медальды жұлқа көтеруде 142 кг, серпе көтеруде 192 кг (әлем рекорды), жиынтығында 334 кг салмақты бағындырған қытайлық Чжоу Лулу жеңіп алды. 

26 қыркүйек күні шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз да қарсыластарынан басым түсті. Олар 56 килодағы Қайрат Ерәлиев, 81 килодағы Әділбек Ниязымбетов және 91 килоға дейінгі салмақтағы Антон Пинчуктер.  

Қазір Қазақстан құрамасы 8 алтын, 9 күміс және 17 қола, барлығы 34 медальмен жалпы командалық есепте төртінші орында тұр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети