Азия біріншілігінде белдесетін балуандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия біріншілігінде белдесетін балуандар анықталды Әйеолер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері - Гюзель Манюрова. Сурет: liter.kz

23 сәуірде Астанада күрес түрлері бойынша Азия чемпионаты басталатыны белгілі. Осыған орай әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Гюзель Манюрова Азия біріншілігіне қатысатын балуандардың тізімін жасақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 сәуірде Астанада күрес түрлері бойынша Азия чемпионаты басталатыны белгілі. Осыған орай әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Гюзель Манюрова Азия біріншілігіне қатысатын балуандардың тізімін жасақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Негізі биылғы жылы балуандардың басты додасы әлем біріншілігі мен Азия ойындары болып саналады. Бірақ, Азия чемпионаты елімізде алғашқы рет өтетіндіктен бас бапкер барлық мықтыларды боз кілемге шығаруды жөн көрген екен.

Тарқатып айтсақ, 48 келі салмақта Татьяна Аманжол кілемге шықса, 53 келі салмақта Жұлдыз Ешімова бақ сынайды. 55 келі салмақта Айым Әбділдина белдеседі.

58 келі салмақта Айжан Исмағұлова шеберлік байқасады. 69 келі салмақта Елмира Сыздықоваға сенім артылса, 75 келі салмақта Гюзельдің өзі күш сынасады. Бас бапкердің айтуынша, 63 келі салмақ дәрежесінде кімнің күресетіні әлі белгісіз болып тұр. Бұл салмақтың мықты балуаны Екатерина Ларионова екені сөзсіз. Былтыр ол әлем чемпионатының қола жүлдегерi атанған. Алайда Екатерина биыл әйелдер арасында емес, өз құрбылары арасында белдесуді құп көрген сыңайлы. Егер Ларионова Азия чемпионатында бақ сынаудан бас тартса, онда оның орнына басқа балуан боз кілемге шығады.

Айта кетейік, күрес түрлерінен Азмя біріншілігі биыл 23 және 27 сәуір аралығында Астананың "Дәулет" спорт кешенінде өтеді. 

Турнирдің өту кестесі:

23 сәуір – еркін күрес (57 кг, 65 кг, 86 кг, 125 кг); әйелдер күресі (58 кг)
24 сәуір – еркін күрес (61 кг, 70 кг, 74 кг, 97 кг); әйелдер күресі (48 кг)
25 сәуір – әйелдер күресі (53 кг, 55 кг, 60 кг, 63 кг, 69 кг)
26 сәуір – әйелдер күресі (75 кг); грек-рим күресі (59 кг, 71 кг, 85 кг)
27 сәуір – грек-рим күресі (66 кг, 75 кг, 80 кг, 98 кг, 130 кг)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети