Азия ойындарына баратын ауыр атлеттер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия ойындарына баратын ауыр атлеттер анықталды Зульфия Чиншанло. Vesti.kz©

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни Азия ойындарына қатысатын ауыр атлеттердің есімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни Азия ойындарына қатысатын ауыр атлеттердің есімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азия ойындарына қатыстын зілтеміршілерді бапкер Алматыда өткен Анатолий Храпатыйды еске түсіруге арналған турнирден кейін жасақтады. Оның қорытындысы бойынша Кореяның Инчеон қаласында өтетін сары құрлықтың басты додасында Қазақстан намысын әйелдерден -  Маргарита Елисеева (48 келі), Зульфия Чиншанло (53 келі), Сәуле Сәдуақасова (58 келі), Карина Горичева (63 келі), Жазира Жаппарқұл (69 келі), Анна Нұрмұхамбетова (75 келіге дейін) және Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары) қорғаса, Галина Момотова (48 келі) қосалқы құрамға ілініпті.

Ал ерлерден Азия ойындарына Арли Чонтей (56 келі), Азамат Рымқұлов (62 келі), Александр Ким (69 келі), Кирилл Павлов (77 келі), Рүстем Сыбай, Ермек Өміртай (екеуі де 85 келі), Алмас Өтешов (94 келі), Серген Истомин (105 келіге дейін) және Ибрагим Берсанов (105 келіден жоғары) қатысады. Айта кетейік, ерлер арасындағы бұл тізімнен бапкер бір зілтеміршіні қосалқы құрамға жіберетін болады.

Еске салайық, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Кореяның Инчеон қаласында өтеді.  

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети