Азия ойындарындағы екінші алтын медаль қоржынға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия ойындарындағы екінші алтын медаль қоржынға түсті © olympic.kz

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко XVIII жазғы Азия ойындарында жеңімпаз атанды. Бұл - Қазақстан құрамасының қоржынына түскен екінші алтын медаль, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко XVIII жазғы Азия ойындарында жеңімпаз атанды. Бұл - Қазақстан құрамасының қоржынына түскен екінші алтын медаль, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алексей Луценко 150 шақырымдық топтық бәсекеде үздік шықты. Отандасымыз аталған қашықтықты 3 сағат 25 минут 25 секундта жүріп өтті.

Алтын медальға талас соңғы сәтке дейін қыза түсті. Бес велоспортшы мәреге жақын қалғанда барын салды. Алексеймен бірге тағы екі велошабандоз бірдей жетті. Мәредегі арнайы фотоқұрал көмегімен жарыс жеңімпазы анықталды.

Алексей Луценко 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында да топ жарған спортшы. Ертең жекелей сында жарыс жолына шығатын болады.

Қазақстан құрамасы қазіргі таңда 2 алтын 6 күміс 15 қола медальмен жалпы есепте 12-орында келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети