Азия ойындарының алтынына 10 мың доллар беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия ойындарының алтынына 10 мың доллар беріледі Азия ойындарына баратын қазақстандық спортшылар. ©Нұрғиса Елеубеков

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов ХVІІ жазғы Азия ойындарының жүлде қорын ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды "Алаш айнасы".

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов ХVІІ жазғы Азия ойындарының жүлде қорын ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Бүгін, 12 қыркүйек күні түсте Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен, ХVІІ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларымызды шығарып салу рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов жүлдегерлерге табыс етілетін сыйақы қорын жариялады.

ХVІІ жазғы Азия ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларға мына сомада мемлекеттік сыйақы беріледі: І орын – 10 мың АҚШ доллары; ІІ орын – 5 мың доллар; ІІІ орын – 3 мың доллар. Олардың жеке бапкерлеріне берілетін мемлекеттік сыйақы сомалары: І орын – 5 мың доллар; ІІ орын – 3 мың доллар; ІІІ орын – 2 мың доллар.

Елсияр Баймұхамедұлы бұл тек мемлекеттік сыйақы екендігін қадап айтты. Бұған қоса конфедерацияның, әр федерацияның, аймақ басшыларының да өз алдарына бөлек сыйақы беретіндіктерін ескерте кеткіміз келеді.
Естеріңізге сала кетейік, ХVІІ жазғы Азия ойындары 19 қыркүйектен 4 қазанға дейін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтеді. Оған біздің елден 420 спортшы (ерлер – 207, әйелдер – 213) қатысып, 39 спорт түрінен сынға түседі. Жалпы, ХVІІ жазғы Азия ойындарына сары құрлықтың 45 мемлекетінен 13 мың спортшы мен жаттықтырушы қатысады. Жеті мың БАҚ өкілі Азиада додасын шартарапқа тарататын болады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети