Азия ойындары - 2025: Қазақстан тағы екі медаль жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия ойындары - 2025: Қазақстан тағы екі медаль жеңіп алды Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Харбиндегі қысқы Азия ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Харбиндегі қысқы Азия ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күміс жүлдені Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадағы аралас эстафетада жеңіп алды.

Мәдениет және спорт министрлігінің суреті

Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан үйлесімді командалық жұмысты көрсетті. Олар тек Азия ойындарының чемпионы болған Қытай құрамасына жол берді.

Қола жүлдені Қазақстандық шаңғышы Олжас Климин 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста жеңіп алды.

Мәдениет және спорт министрлігінің суреті

Климин мықты қарсыластарын артта қалдырды, олардың арасында Қытайлық Бао Лин (2019 жылғы әлем чемпионатының 13-орын иегері), Чэнь Дэгэн (2022 жылғы Олимпиаданың 13-орын иегері) және Жапондық Такацугу Уда (2021 жылғы әлем чемпионатының 9-орын иегері) болды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның әйелдер құрамасы Харбиндегі Азия ойындарында Тайбэй командасын керлингтен ойсырата жеңді.

Осылайша, Қазақстанның 2025 жылғы қысқы Азия ойындарындағы жүлде қорында қазір 9 медаль бар: 1 алтын, 5 күміс және 3 қола.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети