03 қазан 2014 | 20:53

Азия ойындары: Қазақстан жалпыкомандалық есепте төртінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Vesti.kz сайтынан алынды Фото ©Vesti.kz сайтынан алынды

Азия ойындары Қазақстан құрамасы үшін өте сәтті өтіп жатыр. Біздің спортшылар қазірдің өзінде жалпыкомандалық есепте төртінші орынға нық орналасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Азия ойындары Қазақстан құрамасы үшін өте сәтті өтіп жатыр. Біздің спортшылар қазірдің өзінде жалпыкомандалық есепте төртінші орынға нық орналасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасының қоржынында 28 алтын, 22 күміс және 32 қола медаль бар. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасы үшін Азия ойындары барысындағы ең жоғары көрсеткіш. Жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы көш бастап келеді. Аспан асты елінің спортшылары 149 алтын, 107 күміс, 81 қола жүлде жеңіп алды. Екінші орында 228 жүлдесі (77+71+80) бар Оңтүстік Корея құрамасы тұрса, үздік үштікті 194 медальмен (46+72+76) Жапония құрамасы түйіндеп тұр.

Айта кетейік, ертең, 4 қазан Азия ойындарының соңғы күні. Соңғы жарыс күнінде жеті медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның негізгі қарсыласы Иран құрамасы болмақ. Ертең Иран құрамасының спортшылары үш медаль жиынтығы сарапқа салынатын каратэ спортынан сынға түседі. Дегенемен, ертең Иран құрамасы бұл сында үш алтын медаль жеңіп алғанның өзінде командалық есепте Қазақстан құрамасының алдына түсе алмайды. Сондықтан да қазірдің өзінде Қазақстан құрамасы Азия ойындарында жалпыкомандалық есепте төртінші орынды алды деп айтуға толық негіз бар.

Еске салайық, XVII Азия ойындары  Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатыр. Азиаданың соңғы күні Қазақстан құрамасы үшін өте табысты өтті. Бүгін біздің құраманың қоржынына 11 жүлде түсті. Оның ішінде алты алтын жүлдені былғары қолғап шеберлері алып берді. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети