29 қыркүйек 2014 14:29

Азия ойындары: Қазақстан тағы үш алтын медаль алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы үш алтын түсті. Оның екеуін ескек есушілер жеңсе, бір алтын жүлдені жағажай волейболынан Қазақстан ерлер құрамасы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы үш алтын түсті. Оның екеуін ескек есушілер жеңсе, бір алтын жүлдені жағажай волейболынан Қазақстан ерлер құрамасы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы 13-ші алтын жүлдені Инна Клинова салды. Ол 200 метрге байдарка есуден 40,638 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті. Бұл сайыста екінші орынды қытайлық Ю Жоу алса, үздік үштікті ирандық Арезу Хакимимохддам түйіндеді.

Ал 14-ші алтынды бізге жағажай волейболында ел намысын қорғаған Александр Дьядченко мен Алексей Сидоренко жұбы алып берді. Қазақстандық жұп Азия ойындарының ақтық ойынында қытайлық Чен Ченг пен Ли Ян жұбын жеңді. Есеп - 2:0 (21:15, 21:10). 15-ші алтынды қоржынға тағы да ескек есушілер салды. Наталья Сергеева мен Ирина Подойникова байдарка есуден 200 метрде қарсылас шақ келтірмеді.

Алтын жүлдеден бөлек Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль да түсті. Байдарка есуден Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов 200 метрге жарыста екінші орын алды.

Жалпы қазіргі ақпарат бойынша, XVII Азия ойындарыны барысында Қазақстан құрамасының еншісінде 51 жүлде бар. Оның 15-і - алтын, 14-і - күміс және 22-сі - қола. Бұл көрсеткішпен біз жалпы командалық есепте төртінші орында нық тұрмыз. Ал бізден кейін, яғни бесінші орында 26 медальмен (8 алтын, 8 күміс, 10 қола) Солтүстік Корея құрамасы келеді.

Бірінші орында Қытай құрамасы тұр. "Аспан асты" елінің спортшылары осы уақытқа дейін 229 медаль (109 алтын, 68 күміс, 52 қола) жеңіп алған. Екінші орында 140 медальмен (43 алтын, 49 күміс, 48 қола) Оңтүстік Корея құрамасы тұрса, үздік үштікті Жапония құрамасы түйіндеп тұр. "Күн шығыс" елінің өкілдерінде 35 алтын, 47 күміс және 48 қола жүлде бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети