03 қазан 2023 | 14:11

Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір алтын түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

39,6 шақырымды әр уақытта бастаған велошабандоздар арасында отандасымыз үздік нәтиже көрсетті. Ол аталған қашықтықты 48:05,75 уақыт көрсеткішімен жүріп өтті. Күміс медаль алған қытайлық спортшы Суе Миннен 2 минутқа оза шыққан. Қола медальды гонконгтық спортшы Винсент Ван Лау иеленді.

Алексей Луценко Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін отандасымыз жекелей сында 2014 жылы Инчхонда, 2018 жылы Джакартада топ жарған еді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасы қоржынына түскен бесінші алтын медаль. Бұған дейін стенд атудан әйелдер құрамасы, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысананы дәл көздеу сынында Зухра Ирназарова, сондай-ақ Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында, Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы 500 метрге ескек есуде алтын алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети