27 ақпан 2014 | 10:05

Әзірбайжандық зілтемірші Қазақстан азаматтығын алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ниджат Рагимов (Ортада). Сурет: anspress.com Ниджат Рагимов (Ортада). Сурет: anspress.com

Жастар арасында Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған әзірбайжандық спортшы Ниджат Рагимов Қазақстан азаматтығын алады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсір айтып берді. "Бұл мәселе жөнінде Әзірбайжан ауыр атлетика федерациясы мен Қазақстан ауыр атлетика федерациясы арасында келіссөздер жүруде. Екі тараптың да талаптары қаралып жатыр. Егер, келіссөздер осы қарқынмен сәтті өтетін болса, онда келесі айда Ниждат Рагимов Қазақстан азаматы атанатын болады", - дейді Меңдіхан Тәпсір. Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселе өткен аптаның басында Рагимовтың әкесі әзірбайжандық БАҚ өкілдеріне "Ұлым Қазақстан азаматтығын алады", - деп айтқаннан соң шыққан болатын. Мұдай шешімді спортшы ауыр атлетикадан Әзірбайжан құрамасының бапкерлерімен сөзге келісіп қалған соң қабылдаған. Айта кетейік, Рагимов 77 келі салмақта өнер көрсетеді. 2010 жылы ол Сингапурде өткен жастар арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде екінші орын алған. Сонымен қатар ол Қазанда өткен 2013 жылғы Универсиадада Әзірбайжан елінің туын ұстап шыққан. Бірақ, бұл жарыс барысында бірінші жаттығудың өзінде зілтемірді төбесіне көтере алмай, жүлдесіз қалған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети