Бақтияр Артаев боксшылардың Токиодағы сәтсіздігі үшін кешірім сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Туралы olympic.kz/Жеңіс Ысқабай © Туралы olympic.kz/Жеңіс Ысқабай

Олимпиада чемпионы, бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаев Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясында қанағаттанарлықсыз деп танылған боксшылардың 2020 жылғы ойындарындағы сәтсіздігі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада чемпионы, бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаев Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясында қанағаттанарлықсыз деп танылған боксшылардың 2020 жылғы ойындарындағы сәтсіздігі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Токиода өткен жазғы олимпиада ойындарында қазақстандықтар табысты өнер көрсеткен спорт түрлері де бар екенін айтты.                                                                                                                                                                                                                                      "Біздің команданың Токио Олимпиадасындағы өнерін табысы бойынша 4 топқа бөлуге болады. Каратэ, теннис, спорт гимнастикасы, ауыр атлетика бойынша табысты өнер көрсеттік. Садақ ату, байдарка есу, еркін күрес спортшыларының нәтижесі жақсы болды. Тасжолдағы велосипед спорты көрсеткішін нашарлатып алды. Бокс, грек-рим күресі, әйелдер жеңіл атлетикасы қанағаттанарлық нәтиже көрсетті. Бұл бағаның бәрі тиісті федерациялармен өткен кездесулер аясында беріліп отыр", - деді комитеттің бас хатшысы.

 Артаев өз сөзінде жағдайды түзетуге уәде берді.

"Токио Олимпиадасы боксшылар үшін сәтсіз болды. Бұл үшін кешірім сұраймын. Бұрынғы жетістіктерге оралу үшін келесі ойындардың алдында барынша жұмыс жасаймыз. Боксты бұрынғы деңгейге көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді 2004 жылғы ойын чемпионы.

Сондай-ақ, қазақстандық олимпиадалық делегацияның жас айырмашылықтары атап өтілді, салыстыру үшін Рио-де-Жанейро мен Токиоға барған командалар алынды.

"Біздің спортшылардың жасын айтқым келеді. Біздің команда Рио-мен салыстырғанда екі жылға қартайды. Бұл ұлттық құрамаларда сапалы резервпен толықтыру жүргізілмейтінін көрсетеді. Жас спортшылар чемпионаттарды ұлттық деңгейде жеңіп, Олимпиада ойындарына қатысуды жалғастырады. Мұнда резервті дайындаудың жеткіліксіз деңгейі туралы айтуға болады", - деп қорытындылады Крюков.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық спортшылардың нәтижелері туралы өз ойын айтып, оларды елдің спорттық әлеуетіне сәйкес келмейтінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro