Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының 100 метр қашықтыққа жүзу финалында сегізінші орынды місе тұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының 100 метр қашықтыққа жүзу финалында сегізінші орынды місе тұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, Ойындарда Баландин тағы бір жарыс түріне қатысады. 9 тамызда қазақстандық брасс әдісімен 200 метр қашықтыққа жүзеді. 21 жастағы Баландин Олимпиадағы тұңғыш рет қатысып отыр. Алматылық спортшы осыған дейін Азиада-2014 және Универсиада-2015 додаларында алтын медаль алған.
Осыған дейін ол брасс әдісімен 100 метр қашықтыққа жүзуден жартылай финалда сәтті өнер көрсеті, сегізінші орында келген еді, осылайша ол жарыс финалына шыққан еді.
Рио Олимпиадасында жүзу спортынан Қазақстан атынан Баландинмен қатар Виталий Худяков та шығады. Ол 16 тамызда ашық аспан астында 10 шақырымға жүзуден жарысады.