Балуан Юсуп Батырмырзаев қарсыласын сенімді жеңіп жатып, жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балуан Юсуп Батырмырзаев қарсыласын сенімді жеңіп жатып, жеңіліп қалды Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық Юсуп Батырмырзаев Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында алғашқы қарсыласынан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Юсуп Батырмырзаев Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында алғашқы қарсыласынан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

125 келіге дейінгі салмақта белдесетін Батырмырзаевтың алғашқы қарсыласы германиялық Геннадий Чудинович болды. 1/8 финалдағы кездесуде қазақстандық балуан қарсыласын 10:0 есебімен жеңіп жатып, жеңіліп қалды. 

Юсуп Батырмырзаев Ресейдің Махачкала қаласында туған, жасы 25-те. Бірақ кейін Қазақстан азаматтығын алып, ел намысын қорғай бастады. Былтыр Азия чемпионатында алтын медаль алған. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети