ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2022 | 09:38
Бейжің Олимпиадасы: 8 ақпанда кімдер жарысқа шығады?
Бүгін, 8 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстанның тоғыз спортшысы жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін, 8 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстанның тоғыз спортшысы жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі. Qazaqstan телеарнасы жарысты тікелей эфирде сағат 13:50-де көрсетеді.
Ал қазақстандық екі биатлоншы Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады. Биатлон сағат 14:20-ға жоспарланған. Тікелей эфир "Хабар" арнасында.
Сағат 14:50-де ерлер арасында спринттен іріктеу басталады. Оған Қазақстан атынан Евгений Величко мен Виталий Пухкало қатысады. Qazsport арнасында тікелей эфир.
Сағат 16:25-те конькиден жарыс басталады. Ерлер арасында Дмитрий Морозов 1500 метр қашыққа финалда өнер көрсетеді.
2022 жылғы Олимпиада кестесін мына сілтемеден көруге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также