08 ақпан 2022 09:38

Бейжің Олимпиадасы: 8 ақпанда кімдер жарысқа шығады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Фото: ҚР ХОК, Владислав Семенов ©Фото: ҚР ХОК, Владислав Семенов

Бүгін, 8 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстанның тоғыз спортшысы жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Бүгін, 8 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстанның тоғыз спортшысы жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі. Qazaqstan телеарнасы жарысты тікелей эфирде сағат 13:50-де көрсетеді.

Ал қазақстандық екі биатлоншы Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады. Биатлон сағат 14:20-ға жоспарланған. Тікелей эфир "Хабар" арнасында.

Сағат 14:50-де ерлер арасында спринттен іріктеу басталады. Оған Қазақстан атынан Евгений Величко мен Виталий Пухкало қатысады. Qazsport арнасында тікелей эфир.

Сағат 16:25-те конькиден жарыс басталады. Ерлер арасында Дмитрий Морозов 1500 метр қашыққа финалда өнер көрсетеді.

2022 жылғы Олимпиада кестесін мына сілтемеден көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети