Биатлоншыларымыздың көрсеткіштері әлі төмен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биатлоншыларымыздың көрсеткіштері әлі төмен Сурет biathlonworld.com сайтынан

Биатлоннан 2013/2014 жылдар маусымындағы әлем кубогының екі кезеңі қалған. Соның бірі Финляндияның Контиолахти қаласында өтуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлем кубогының Контиолахтиде өтіп жатқан сегізінші кезеңі спринттік бәйгелермен басталды. Ерлер арасындағы 10 шақырымдық бәйгеде Қазақстан спортшылары көңілге қонымды нәтиже көрсете алмады. Атап айтқанда, көмбеге жеткен 88 биатлоншының ішінде Антон Пантов 76-орынды, Виктор Порфиряну 80-орынды қанағат тұтты. Бұл бәйгеде Йоханнес Бё (Норвегия) жеңімпаз атанып, Мартен Фуркад (Франция) екінші орынға ие болды. Үшінші орын Арнд Пайфферге (Германия) бұйырды. Әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринтте Дарья Усанова 67-орынмен, Алина Райкова 73-орынмен, ал Анна Кистанова 81-орынмен шектелді. Бұл бәйгеге барлығы 85 биатлоншы қыз қатысқан болатын. Ал жүлделі орындарға жазылу ретімен Кайса Макарайнен (Финляндия), Ольга Зайцева (Ресей) және Мари Лаукканен (Финляндия) үшеуі ие болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети