10 қыркүйек 2019 15:55

Бибісара Асаубаева гроссмейстер болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/bibisarachess © instagram.com/bibisarachess

Қазақстандық жас шахматшы Бибісара Асаубаеваға "халықаралық әйел гроссмейстер" атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық жас шахматшы Бибісара Асаубаеваға "халықаралық әйел гроссмейстер" атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Будапештте ФИДЕ президенттік кеңесінің отырысы өтті, онда қазақстандық жас спортшыға әйелдер шахматындағы ең жоғарғы атағы берілді. 

"Бұл атақты алу үшін халықаралық турнирлерде орындалған барлық үш норма жиналды. Бұл күн Бибісара үшін тағы бір айтулы оқиға болды. Халықаралық қазылар алқасы оған әлемнің ең үздік, болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі деп танылды. Украинада, Одессада, оған шахматшылар үшін спорттық "Оскар" болып табылатын "Алтын мангуст" ордені табысталды", - деді 15 жастағы шахматшының анасы Лиана Таңжарықова.

Орден спортшыларға жоғары жетістіктері мен спортқа қосқан үлесі үшін беріледі.

Украинадағы халықаралық спорт сыйлығы аясында Бибісара Асаубаева биатлоннан төрт дүркін Олимпиада чемпионы Александр Тихоновпен кездесті. Ол Қазақстанға ұлы тарихи тұлғалар туралы өз кітабын ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети