10 тамыз 2016 | 15:30

Боксшы Әлімханұлының Олимпиададағы басты қарсыласы допингпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© independent.ie © independent.ie

Ирландиялық ортасалмақта өнер көрсететін Майкл О’Райли бірде-бір жекпе-жек өткізбей, Олимпиададағы боксерлік турнирден кетіп барады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Таяуда Ирландияның Олимпиада Кеңесі ресми түрде 23 жастағы боксшының допинг-сынақтан өте алмағанын хабарлаған.


Иконка комментария блок соц сети

Ирландиялық ортасалмақта өнер көрсететін Майкл О’Райли бірде-бір жекпе-жек өткізбей, Олимпиададағы боксерлік турнирден кетіп барады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Таяуда Ирландияның Олимпиада Кеңесі ресми түрде 23 жастағы боксшының допинг-сынақтан өте алмағанын хабарлаған.

О’Райли Риоға бармастан бұрын Ирландия жерінде жүрген кезде кездейсоқ сынмалардан өткен, ал жағымсыз жаңалық 4 тамызда белгілі болған. Осы кезден бастап ол Олимпиада ауылынан шеттетіліп, басқа спортшылармен қарым-қатынаста болмаған.

Айта кетейік, О’Райли 1/16 финалына қатыспаған, бірақ ол 1/8 турнирінде мексикалық Мисаэль Родригеспен шығуы тиіс болған. Ендігі кезекте мексикалық жекпе-жексіз ширек финалға шығатын болды.

О’Райли қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыластарының бірі болып саналған. Қазақстандық боксшы 1/8 финалында алжирлік Ильяс Аббадимен кездеседі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети