03 қазан 2014 | 21:26

Боксшыларымыздың бүгінгі жеңістерінен кейінгі пікірлері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов – Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. Фотоны түсірген – Никита Басов. Данияр Елеусінов – Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. Фотоны түсірген – Никита Басов.

Бокстан ХVІІ жазғы Азия ойындары бағдарламасында өткен финалдық жекпе-жектерден соң ел намысын абыроймен қорғаған жігіттеріміз өз пікірлерімен және қуаныштарымен бөлісті, - деп жазады Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бокстан ХVІІ жазғы Азия ойындары бағдарламасында өткен финалдық жекпе-жектерден соң ел намысын абыроймен қорғаған жігіттеріміз өз пікірлерімен және қуаныштарымен бөлісті, - деп жазады Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Әрбір салмақтағы жеңімпаз бен жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімінен соң міндетті түрде баспасөз мәжілісі ұйымдастырылып отырды. Біздің боксшылар (Антон мен Иваннан басқасы, әрине) қазақ тілінде сөйледі. Олардың сөздерін ҚР бокс федерациясының өкілі Динара қарындасымыз ағылшын тіліне аударып отырды.

Бірақ оған тек біздің жігіттердің ғана емес, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан боксшыларының да сөздерін ағылшын тіліне аударып беруге тура келді. Өйткені баспасөз мәжілісіне әр салмақтағы жүлдегерлердің бәрі қатысып, төрт боксшы қатар отырды. Ал көршілерімізде боксшыларына аудармашы бөлу қарастырылмағандай...

Бірден айтайық, біздің боксшылардың бәрінің де сөздері мағыналас болды. Бәрі де бірінші кезекте ел қоржынына жүлде салып, ел намысын абыроймен қорғағандарына қуанышты екендіктерін білдірді. Бәрі де дерлік, бапкерлеріне алғыс жолдайтындықтарын, өздерін қызу қолдап отырған жанкүйерлерге ырза болғандықтарын білдірді.

Біржан Жақыпов бүгін бағының жанбағанын, әйтсе де, бұған мойымай, алдағы маңызды додаларда бірінші орынға ие болуға тырысатындығын мәлімдеді.

Данияр Елеусінов өзінің "қазақ боксы тарихында Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанып отырған бірінші боксшы" екендігіне тоқталып өтті.

Әділбек Ниязымбетов чемпион атанып, ел сенімін ақтағанына қуанышты екендігін, өзін бақытты сезініп отырғандығын білдірді. Біз мұны Азия ойындарының ашылу салтанатында өзіне кең-байтақ отанымыздың мемлекеттік туын ұстап шығу құрметі сеніп тапсырылғандығын меңзеп отырғаны деп түсіндік.

Ал Антон Пинчуктің сөздері жүрек тебірентерліктей болды:
Мен бұл жеңіске ұзақ жыл тер төгіп, жетіп отырмын. Көптеген адамдарға, көптеген құбылыстарға өзімнің әлеуетімді дәлелдеуге тура келген еді. Ал мұның бәріне оңайшылықпен жеткен жоқпын. Міне, енді жеңіске жетіп, сол бейнеттерімнің зейнетін көріп отырмын. Енді бұдан да жоғары жетістіктер мен маңызды жеңістерге қол жеткізуге тырысамын, – деді тебіреніп.

Жәнібек Әлімханұлы "Азия емес, жалпы әлем боксында басты қарсыластарыңыз кімдер" деп, өзіне қойылған сұраққа:
Қазір бокс көптеген елдерде қарқынды түрде дамып келеді. Сондықтан ешбір елдің боксшысын бөле-жара атап өту дұрыс емес деп ойлаймын. Ешкімнің де атын атап, түсін түстегім келмейді. Бүгінгі таңда осал қарсылас жоққа тән, – деп жауап берді.

Жалпы, біздің жігіттеріміздің бәрі де қарсыластарының аса жоғары деңгейдегі боксшылар екендіктерін атап өтіп, оларды жеңу оңай болмағандығын тілге тиек етті. Қарсыластарына тиісті бағаларын беріп отырды.

Айтпақшы, Парсы елінің пәрменді боксшысы Эхсан Рузбаханиге сөз берілгенде, "қазір аудармашымыз келсін" деді. Сонда оған Әділбек Ниязымбетов "Эхсан, сен орысша сөйлей берсеңші" деп, оған екеуі жымия күлді. Аудармашылары келгенде, Эхсан "мен мұнда алтын медаль үшін келгенмін, бірақ бағым жанбады" деп қысқа қайырды.

Ең соңғы баспасөз жиыны ең ауыр салмақтағы боксшылар арасында өтіп, оны Иван Дычко былай қорытындылады:
Бұл Азия ойындары біз үшін өте сәтті аяқталды. Алты алтын, бір күміс, бір қола олжаладық. Бокстан жалпы командалық есепте бірінші болдық. Бұл – біздің федерацияның, бапкерлеріміздің елеулі еңбектерінің арқасында келген жетістік. Ал жеке өзіме келер болсақ, қарсыласым өте қарымды болды. Мен бапкерлерімнің сауатты тактикаларының арқасында жеңіске жеттім. Гуанчжоуда екінші орын алғанмын, енді жеңімпаз атанып отырмын. Әрине, қуаныштымын.

Қарсыластарының бәрі "иә, бүгін Қазақстан боксының жеңісті күні болды" деген ишарамен бастарын изеп, Иванмен толық келісетіндіктерін білдірді. Наразылық білдірген ешқайсысы жоқ.

Сөз соңында Seonhak Gymnasium спорт кешеніне жиналған жанкүйерлерімізді де айрықша атап өткім келеді. Спорт қайраткерлері және журналистер, бокс мамандары мен бапкерлер, студенттер мен әр түрлі саладағы қызметкерлер жұдырықтай жұмылып, боксшыларымызға қолдау көрсетіп, тіпті рухтандырып отырды. Бір сәтке де тынбай, айқайға басып, қиқу салды.

Біреуі "Қазақстан" десе, қалғандары қосыла дауыстап, "Ал-ға" деп, спорт кешенінің ішін дүр сілкіндіреді. Осылай – үш рет. Содан соң керісінше, әлгі адам "Алға" десе, қалғандары "Қа-зақ-стан" деп айқайға басады. Шетелдіктердің ішінде қызықпаған адам жоқ, десем де болар...

Ең бастысы, боксшылар финалында қазақтың Әнұраны алты рет шырқалып, біздің Гимн бүгінгі кештің "хиті" іспетті болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети