Бақыт Сәрсекбаев. Сурет Zimbio.com сайтынан
Отандық боксшылардың буын сабақтастығын күшейту үшін Қазақстан тәжірибелік құрама командасы құрылды, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сүйенген Tengrinews.kz сайты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) Алматыда өткен жылдық есеп беру конференциясында ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев мәлімдеді. Тәжірибелік құрама команда ұлттық құрамамыздың жұмысын одан әрмен өркендету мақсатында құрылды. Оның құрамына 18 бен 21 жас аралығындағы дарынды боксшыларымыз енетін болады. Бүгінде Тәжірибелік құрама команда оқу-жаттығу жиынын бастап та кетті. Бас бапкері, әрі үйлестірушісі болып Олимпиада жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев тағайындалды. Сондай-ақ, конференция барысында 2013 жылдың көрсеткіштері қорытындыланып, боксшыларымыздың Азия және әлем чемпионаттарындағы өнерлеріне баға берілді. Одан бөлек, әйелдер боксы мен "Астана арландарының" да жетістіктері сараланып, 2013 жыл отандық бокс үшін сәтті өтті деген қорытындыға тоқталды. 2014 жылдың жоспары да жасалып, биыл Түркістан және Семей қалаларында екі дене шынықтыру-сауықтыру әмбебап спорт кешені салынатын болып шешілді. Сонымен қатар, 2014 жылы Федерация ҚБФ-тың командалық додасын жалғастыра беретін болады. Айта кетерлігі, биыл бұл турнирде бірінші рет әйелдер арасындағы жекпе-жектер де өтеді. Айтпақшы, конференция барысында 2014 жылды "Жаттықтырушы жылы" деп атап, соған байланысты Федерация биыл ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігімен бірлесе отырып, Бапкерлердің біліктілігін арттыру курсын ашады. Оған қазірдің өзінде алғашқы топтар жиналып қойды. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қазан айында Алматыда өткен әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс, екі қола еншілеген Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық бейресми есепте бірінші орын алған болатын.
Отандық боксшылардың буын сабақтастығын күшейту үшін Қазақстан тәжірибелік құрама командасы құрылды, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сүйенген Tengrinews.kz сайты.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) Алматыда өткен жылдық есеп беру конференциясында ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев мәлімдеді. Тәжірибелік құрама команда ұлттық құрамамыздың жұмысын одан әрмен өркендету мақсатында құрылды. Оның құрамына 18 бен 21 жас аралығындағы дарынды боксшыларымыз енетін болады. Бүгінде Тәжірибелік құрама команда оқу-жаттығу жиынын бастап та кетті. Бас бапкері, әрі үйлестірушісі болып Олимпиада жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев тағайындалды.
Сондай-ақ, конференция барысында 2013 жылдың көрсеткіштері қорытындыланып, боксшыларымыздың Азия және әлем чемпионаттарындағы өнерлеріне баға берілді. Одан бөлек, әйелдер боксы мен "Астана арландарының" да жетістіктері сараланып, 2013 жыл отандық бокс үшін сәтті өтті деген қорытындыға тоқталды.
2014 жылдың жоспары да жасалып, биыл Түркістан және Семей қалаларында екі дене шынықтыру-сауықтыру әмбебап спорт кешені салынатын болып шешілді.
Сонымен қатар, 2014 жылы Федерация ҚБФ-тың командалық додасын жалғастыра беретін болады. Айта кетерлігі, биыл бұл турнирде бірінші рет әйелдер арасындағы жекпе-жектер де өтеді.
Айтпақшы, конференция барысында 2014 жылды "Жаттықтырушы жылы" деп атап, соған байланысты Федерация биыл ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігімен бірлесе отырып, Бапкерлердің біліктілігін арттыру курсын ашады. Оған қазірдің өзінде алғашқы топтар жиналып қойды.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қазан айында Алматыда өткен әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс, екі қола еншілеген Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық бейресми есепте бірінші орын алған болатын.