Жазғы Олимпиада - 2024 Бостон қаласында өтуі мүмкін. АҚШ-тың Олимпиада комитеті бұл қаланы ойындар өтетін кандидат қала ретінде таңдап алды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бостон (Массачусетс штаты) ұлттық байқауды Вашингтоннан, Сан-Франциско мен Лос-Анжелестен жеңіп алды.

Олимпиада комитетінің 2024 жылы Олимпиада ойындары өтетін үміткер қала туралы шешімін АҚШ-тың президенті Барак Обама мен елдің бірінші ханымы Мишель Обама қолдады. "Президент пен бірінші ханым бұл жетістікті, барлық спортшыларды мақтан тұтады және 2024 жылғы олимпиада және паралимпиада ойындарын өткізуге бар күштерін салады. Біз 2024 жылы бүкіл әлем спортшыларын Бостонда қарсы аламыз деп үміттенеміз", - делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде. Обаманың өзі 2013 жылы өткен Бостондағы марафон кезіндегі лаңкестіктің салдары қайта қалпына келтірілгенін тұспалдап: "Бұл қала Бостон сияқты мықты болудың не екенін бәріне үйретті", - деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Олимпиада-2024-ке таласатын америкалық қаланың мықты бәселестері өте көп болады. Олардың қатарында Берлин, Стамбұл, Мельбурн, Санкт-Петербург, Киев, Найроби мен Йоханнесбург бар. АҚШ 2024 жылғы Олимпиада ойындары Бостонда өтуі әбден мүмкін деп отыр, себебі Жазғы ойындар Солтүстік Америкада 28 жыл бойы өтпеген болып шығады.