Бірін-бірі қан-жоса қылып сабаған қарсыластардың жекпе-жегі есепке алынбады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірін-бірі қан-жоса қылып сабаған қарсыластардың жекпе-жегі есепке алынбады Николас Далби (сол жақта) және Росс Хьюстон. © Cage Warriors

Шотландиялық Росс Хьюстон және даниялық Николас Далби арасындағы Cage Warriors 106 турнирінің басты жекпе-жегі октагонда қанның тым көп төгілуіне байланысты тоқтатылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Файтерлер өздерінен аққан қанға тайып жығыла бастаған екен. Осыған байланысты төрешілер мен медицина қызметкерлері жекпе-жекті үшінші раундта тоқтатып, оны өтпеген деп есептеуді жөн көрді. 

Жекпе-жектен кейін Хьюстон мен Далби қоршау үстіне мініп, жанкүйерлерге сәлемдесті. ММА-да шотландиялық сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңген, ал Далби 17 жеңіске жетіп, төрт рет жеңілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети