Бүгін біздің спортшылар үш спорт түрінен сынға түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының он екінші күні сегіз жүлде сарапқа салынады. Қазақстан құрамасының спортшылары бүгін спорттың үш түрінен сынға түсетін болады деп хабарлайды. Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Отандастарымыздан бірінші болып жарыс жолына сноубордшы қызымыз Валерия Цой шығады. Ол параллельді алып слалом бағдарламасы бойынша іріктеу кезеңіне қатысады. Астана уақытымен 11:15-те басталатын бұл жарысты KazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Астана уақыты бойынша 15:15-те әйелдер арасында тау шаңғысынан командалық классикалық спринт басталады. Бұл сында Елена Коломина мен Анастасия Слонова ел намысын қорғайды. 16:05-те дәл осы спорт түрінен ерлер жарыс жолына шығады. Қазақстан спортшыларнан біз Алексей Полторанин мен Николай Чеботьконың тілеуін тілейтін боламыз. Он екінші жарыс күніне биатлоннан 2×6 шақырымдық әйелдер эстафетасы мен 2×7,5 шақырымдық ерлер эстафетасы нүкте қояды. Әйелдер арасында Қазақстандық спортшылардан Елена Хрусталева мен Дарья Усанова жарыс жолына шықса, ерлер арасында Ян Савицкий мен Антон Пантов өз бақтарын сынайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети