Бүгін – спорт журналистикасының халықаралық күні

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін – спорт журналистикасының халықаралық күні Фото aipsmedia.com сайтынан

Бүгін – спорт журналистерінің халықаралық күні. 1924 жылы 2 шілде күні Парижде Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) құрылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін – спорт журналистерінің халықаралық күні. 1924 жылы 2 шілде күні Парижде Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) құрылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жалпы, спорт журналистерінің халықаралық күні 1995 жылдан бері аталып өте бастады. 

Бүгінде AIPS-тің құрамына әлемдегі 150 мемлекеттің спорт журналистері кіреді. Олардың қатарында Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы (ASPK) да бар.

Біздің елде спорт журналистикасы сонау Кеңес Өкіметі дәуірінен тамыр тартады. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары өзіндік мектеп қалыптасқан.

Үлгі тұтар ағаларымыз да баршылық. Қазақ спорт журналистикасының атасы ретінде сол Сейдахмет Бердіқұл ағамызды атап өтсек, еш қателеспіз. Сайын Тұрсынов ағамыз да қазақтың спорт журналистикасының қара қазанында талай "қарадомалақты" қанаттандырды. Бүгінде Несіп Жүнісбай, Қыдырбек Рысбек сынды қаламдары қарымды ағаларымызды үлгі тұтамыз.

Спорт саласында қалам тартып жүрген әріптестерімізді осы төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети