13 ақпан 2014 13:18

Бүгін Денис Тенге жанкүйер боламыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен. Фото Reuters© Денис Тен. Фото Reuters©

13 ақпан, Сочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындары барысында биатлон, конькимен жүгіру, фристайл, шана спорты, шорт-трек және шаңғы спортынан медальдар сарапқа салынатын болады деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт-порталына сілтеме жасап. Астана уақытымен 16.00-де классикалық стилдегі шаңғышылар он шақырымға жарысады. Бұл спорттың түрінен Қазақстан намысын Татьяна Осипова, Елена Коломина және Анастасия Слонова қорғайды. 20.00-де биатлоннан ерлер арасындағы 20 шақырымдық жарыс басталады. Отандастарымыздан Ян Савитский, Антон Пантов, Сергей Наумик және Александр Трифонов жарыс жолына шығады. Дәл осы уақытта әйелдер арасында Екатерина Айдова 1000 метрге конькимен жүгіру спортында өз бағын сынаса, 21.00-де мәнерлеп сырғанаудан Абзал Рақымғалиев пен Денис Тенге жанкүйер боламыз. Естеріңізге сала кетейік, ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 8 күні басталған. 58 лицензияға қол жеткізген Қазақстан құрамасы әлі де жүлделі орындарға іліккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети