Дмитрий Бабенко. Фото: zimbio.com
Сочида өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының он бірінші күнінде қазақстандық спортшылар спорттың екі түрінен сынға түсетін болады деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Жарыс жолына Қазақстан құрамасының спортшылары арасынан бірінші болып шорт-трекшілер шығады. 500 метрге жүгіру сайысында Айдар Бекжанов пен Нұрберген Жұмағазиев ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, дәл осы қашықтықта қыздар арасында Инна Симонова да өз бағын сынап көреді. Астана уақытымен 15.30-да басталатын бұл жарысты тікелей эфирде KazSport арнасы көрсетеді. Сонымен қатар осы Олимпиада барысында екі мәрте жарыс жолына шығып, екеуінде де жүлдеге іліге алмаған конькимен жүгіруші Дмитрий Бабенко бүгін өз бағын тағы сынайды. Дмитрий енді 10 000 метрде сынға түспек. Жарыс тізімінде төртінші тұрған отандасымыз неміс спортшысы Патрик Беккертпен бірге жүгіреді. Жалпы Олимпиаданың он бірінші күні жеті медаль комплектісі сапарқа салынады. Спортшылар биатлон, тау шаңғысы, конькимен жүгіру, тау шаңғысындағы қос сайыс, фристайл, сноудборд және шорт-трек спортынан жүлде үшін таласады. Одан бөлек бүгін хоккейден ерлер арасында ширек финалға шығатын командалардың тізімі анықталатын болады. Айта кетейік, Олимпиада ойындарының оныншы күнінің қорытындысы бойынша 8 алтын, 3 күміс және 1 қола медальдарды бар Германия құрамасы бірінші орында келеді. Ал, Денис Тен қоржынға салған жалғыз қола медальмен Қазақстан құрамасы 25 орында.
Сочида өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының он бірінші күнінде қазақстандық спортшылар спорттың екі түрінен сынға түсетін болады деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.
Жарыс жолына Қазақстан құрамасының спортшылары арасынан бірінші болып шорт-трекшілер шығады. 500 метрге жүгіру сайысында Айдар Бекжанов пен Нұрберген Жұмағазиев ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, дәл осы қашықтықта қыздар арасында Инна Симонова да өз бағын сынап көреді. Астана уақытымен 15.30-да басталатын бұл жарысты тікелей эфирде KazSport арнасы көрсетеді.
Сонымен қатар осы Олимпиада барысында екі мәрте жарыс жолына шығып, екеуінде де жүлдеге іліге алмаған конькимен жүгіруші Дмитрий Бабенко бүгін өз бағын тағы сынайды. Дмитрий енді 10 000 метрде сынға түспек. Жарыс тізімінде төртінші тұрған отандасымыз неміс спортшысы Патрик Беккертпен бірге жүгіреді.
Жалпы Олимпиаданың он бірінші күні жеті медаль комплектісі сапарқа салынады. Спортшылар биатлон, тау шаңғысы, конькимен жүгіру, тау шаңғысындағы қос сайыс, фристайл, сноудборд және шорт-трек спортынан жүлде үшін таласады. Одан бөлек бүгін хоккейден ерлер арасында ширек финалға шығатын командалардың тізімі анықталатын болады.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарының оныншы күнінің қорытындысы бойынша 8 алтын, 3 күміс және 1 қола медальдарды бар Германия құрамасы бірінші орында келеді. Ал, Денис Тен қоржынға салған жалғыз қола медальмен Қазақстан құрамасы 25 орында.