Фристайлдан Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Юлия Галышева 12 ақпанда үйіне оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Фристайлдан Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Юлия Галышева 12 ақпанда үйіне оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматы әуежайында оны туыстары, достары және журналистер күтіп алды. Әлем біріншілігінің триумфаторы АҚШ-тан ұзақ уақыт ұшып келгеннен кейін, оралғанына қуанды. Оны 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан қоламен оралғанда дәл сондай қошеметпен күтіп алмағанына ол еш ренжіген жоқ.
"Бұл команданың еңбегі. Біз тек жүлделі орынмен келеміз деп ойладық, есесіне алтын алдық. Мен әлем чемпионы атанғаныма қуаныштымын. Бұл соңғы жеңіс емес, алда жаңа жарыстар мен жаңа жеңістер күтіп тұр. Біздің команда алтынмен елге оралу үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Мен үшін бұл жеңіс - екінші орында. Бірінші орында - олимпиада медалі. Себебі, әлем чемпионаты екі жылда бір рет болады, ал олимпиада төрт жылда бір рет өткізіледі", - деді Галышева.
Галышеваның жаттықтырушысы Елена Круглыхина нәтижеге ризалығын білдірді. Оның айтуынша, Елена керек жоспарды орындап шыққан.
"Менің ойымша, бұл Олимпиада тәріздес жарыс. Сол спортшылар өнер көрсетеді. Біз алтын аламыз деп бардық және жеңіспен оралдық. Бұл Юлия үшін де, еліміз үшін үлкен қуанышты жағдай", - деді жаттықтырушы. Галышеваның айтуынша, чемпионаттың квалификациясында, ол жарыс жолында жоғары нәтиже көрсете алмағанын айтты.
"Мен жарыстың бас жағында үштікке де ілінбедім. Барлығы жарыс жолын менен жақсырақ өтті. Ақтық кезеңде мен жоғалтатын ештеңе жоқ екенін өзіме айтып, тәуекелге бардым. Бар күш-жігерімді салып, соңына дейін шыдадым. Менімше бұл жолғы өткем жолым басқалардан ерекше болған жоқ. Қазақстан чемпионатына ұқсас жарыс. Америка да болсын, елімізде болсын ешқандай айырмашылық жоқ. Мен толықтай дайындалып, бар күшімді салдым", - деді Юлия Галышева
Галышева алдағы уақытта әлем кубогында ең үздік үштіктің қатарында болғысы келетінін айтты.
"Мен бірнеше рет жеңіс тұғырына көтерілегнмін, ендігі кезекте Қазақстанда да осыны қайталағым келеді. Бұл жолғы маусымды жеңіспен аяқтаймын деп ойлаймын. Мен кристал глобусын жеңіп алғым келеді. Егер де мен Жапонияда болатын екі жарыста жақсы нәтиже көрсетсем, мен ол кубокке ие болатыныма сенімдімін", - деді фристайылшы.
Еске салайық, Галышева могул тәртібі бойынша спорттық карьерасында бірінші мәрте әлем чемпионы атанды. Оған дейін, қазақстандық 2015 жылы Крайшбергте және 2017 жылы Сьерр-Невада өткен әлем чемпионатында қола медальға ие болды. Ол 2018 жылы Пхенчханда өткен қыстық Олимпиада ойындарында да қола жүлдегер атанған.