06 маусым 2019 | 15:58

Бізбен бірге спортпен өмір сүр. Қарқынды дамып жатқан триатлон жайлы не білу қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Vesti.kz порталының "Спортпен өмір сүр" жобасының екінші "қонағы" триатлон болды. Бұл спорттың ең ауыр түріне жатады, соған қарамастан әлемдегі ең танымал спорт түрі болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген жарыс ұйымдастырылып жүр, онда әуесқойлар да өз бағын сынай алады. 


Иконка комментария блок соц сети

Vesti.kz порталының "Спортпен өмір сүр" жобасының екінші "қонағы" триатлон болды. Бұл спорттың ең ауыр түріне жатады, соған қарамастан әлемдегі ең танымал спорт түрі болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген жарыс ұйымдастырылып жүр, онда әуесқойлар да өз бағын сынай алады. 

Маман ретінде Алматы триатлон федерациясының бас бапкері Максим Мазур осы спорт түрінің қыр-сырын бөлісті. 

Триатлон жайлы жалпы ақпарат

Триатлон - бұл үш циклдық спорт түрінен тұратын мультижарысқа негізделген жас спорт түрі: жүзу, велоспорт және жүгіру. Триатлон өз бастауын 1978 жылдан алады. Ол Гавайда (АҚШ) жүзуді, жүгіруді және велосипедпен белгіленген қашықтықты жылдам бағындыру мақсатында негізделген. Қазіргі уақытта триатлон өте танымал. Өзінің жаңа спорт түрі екеніне қарамастан, дамыған елдерде ол ең танымал спорт түрлерінің ондығына кіреді.

Қазақстанда дамуы

"Қазақстанда бұл спорт түрі дами бастағанына көп болған жоқ. Егер біз жаппай алсақ, онда оның дамуы шамамен екі-үш жыл бұрын басталды. Тіпті Олимпиада ойындарында, Әлем біріншіліктерінде және Азия кубоктарында өнер көрсеткен елде жеке спортшылар болды. Жаппай қатысу тек соңғы екі жылда ғана байқалды", - дейді Мазур.

Қай жастан бастап жаттығуды бастауға болады

Триатлонда жас мөлшеріне деген шектеу жоқ. Жарысқа 13 жастан бастап қатысуға болады. Тек бір жеңілдік, бір дистанциядан - қысқа - ұзын қашықтыққа өтуге болады. Ең қысқа қашықтық - бұл суперспринт (300 метр жүзу, сегіз километр велокезең және екі шақырым жүгіру).

IronMan деп аталатын ең ұзын қашықтық 3,8 шақырым жүзу кезеңінен, 180 шақырым велосипедпен және 42 195 метр жүгіруден тұрады.

Триатлонмен үш-төрт жастан бастап айналысуға болады. Спортшыны жүзіп үйретуден бастаған тиімді. Велосипедке 12 жастан отыруға рұқсат етіледі.

Басты ерекшелігі және адам ағзасына әсері қандай

Оның басты ерекшелігі ретінде үш түрлі спорт жиынтығынан құралғанында. Спортшының дамуы жан-жақты болады. Атап айтқанда, бұлшықет базасы, адамның функционалдық мүмкіндіктері күшейеді. 



Жарақат алу қаупі және кімдерге айналысуға болмайтыны туралы

Триатлонда велосипед жарысы бар болғандықтан, бұл спорт түрі қауіпті болып саналады. Веложарыс және оған дайындық тасжолда жүргізіледі. Жалпы велоспорт жарақат алу қаупі бар спорт түріне жатады. Триатлонмен айналысуға кез келген басқа спорт түрі сияқты медициналық қорытындыға сәйкес қарсы көрсеткіштер болып табылады. Егер адамның денсаулығы жақсы болса, жаттығу мен жарыстарға қатысуға тыйым салынбайды.

Триатлонға жаттығу

Қазақстанда триатлон спорты енді ғана қарқын алып дамып келеді. Қазіргі таңда елде федерация және кәсіби спортшылармен қатар әуесқой клубтар да бар. Бұл спорт түрімен шұғылдануда қатты бір қиындықтар жоқ. Клубтар бар, айналысуға болатын арнайы мектептер бар. Жаттығуды спорт түріне қарай жасайсың. Белгілі бір ережелері де жоқ емес, баршылық. Бастысы - бәріне (жүзу, жүгіру, велоспорт) бірдей дайындалу керек.

Қажет керек-жарақтар

Алматыда бірнеше триатлон клубы бар. Мысалы, Worldclass триатлон мектебі. Онда кәсіби жаттықтырушы Максим Черный қызығатын жандарды жаттықтырады. Жарыс бағдарламасы әуесқойлар үшін бір бөлек, кәсіби спортшылар үшін бір бөлек жасалған. Сондай-ақ ол жақтан қажетті керек-жарақты да табуға болады. Триатлон үш спорт түрінен тұрғандықтан, әрқайсысына сай киім-кешек керек. Бірден айтар болсақ, триатлон шығын қымбат спорт түрлерінің бірі. Велосипед бағасының өзі 500-600 доллардан басталады. 20 және 30 мың доллар тұратын түрлері де бар. Мұнда енді спортшының таңдауына байланысты.

Қандай киімдер керек?

Триатлонға қатысу үшін мынандай арнайы киімдер сатып алу керек:

1. Жүзу. Бұған жүзгенде киетін резеңке бас киім, көзілдірік, жүзуге арналған киім (гидрокостюм) керек. Жүзіп келгеннен кейін сүлгі мен жеңіл аяқ киім де қажет болады.

2. Велоспорт. Велосипед, шлем, көзілдірік, велокиім, арнайы аяқ киімі қажет. Сондай-ақ қашықтыққа қарай велосипед түрін де таңдау керек.

3. Жүгіру. Жүгіруге арнайы кроссовка, шолақ шалбар, күннен қорғайтын бас киім керек. Ал қыста жаттығатын болсаң, қалың киім қажет болады.



Қазақстандағы триатлон жарыстары

Жыл санап елімізде триатлоннан әуесқойлар арасында өтетін жарыстар саны артып келеді. Соның бірі – TEMIRADAM кубогы. Одан дәрежесі жоғары, әрі халықаралық сында өзіңді байқап көргің келсе IronMan жарысына қатысуға болады.

Айта кетейік, Vesti.kz сайты "Спортпен өмір сүр" жобасын жуырда ғана бастаған болатын. Негізгі мақсат – елімізде бұқаралық спортты дамыту әрі насихаттау. Әр шығарылымда көпшілік айналысуға ыңғайлы спорт түрі жайлы жазатын болады. Сарапшылар ретінде танымал чемпиондар, жетістік шыңын бағындырған әуесқой спортшылар да таңдалады.

"Спортпен өмір сүр" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіледі.

Бізбен бірге спортпен өмір сүр. Скандинав жүрісі туралы не білу қажет?

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети